Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында болды. Toyota Hiace жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан төрт жолаушы көз жұмған. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.Микроавтобустың қаза тапқан төрт жолаушысы бір отбасының мүшелері екені анықталып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.