Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар тапталып қалды. Балалардың барлығы киім ілетін бөлменің жанына жиналып, кептеліс туындаған. Видеода оқушылардың жығылып, құлап жатқанын да байқауға болады. Білім ошағының басшылығы зардап шеккендер жоқ деп отыр. Әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс халықтың наразылығын тудырды. Алматы қалалық білім басқармасы оқиғаның №41 мектепте болғанын мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 870 балаға арналған білім ошағында 1426 оқушы оқып жатқан көрінеді.