Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақшы болған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті 25 жастағы әйел мен оның 32 жастағы күйеуі. Әйелі перзетханадан шыға салысымен, бірден мәміле жасауға барған. Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Күдікті отбасы «болашақ ата-ананы» алдын ала іздегені анықталып отыр. Нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.