Алматыда жас жігітті соққыға жығып, видеоға түсіргендер ұсталды. Ол әлеуметтік желілерде жарияланған. Оның кадрларында жігітті ұрып-соғу әрекетін көруге болады. Видеоға түсірген адам жәбірленушінің бетінен ұрмауға кеңес береді. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.