Алматы облысында 1-ші Халықаралық Медиа және туризм форумы басталды. Шараға әлемнің 15 елінен 200-ден астам адам қатысуда. Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға біздің әріптестеріміз де қатысуда. Дәл қазір олар көрікті Көлсай көлінен тікелей байланысқа шығуға дайын.