Алматыға пошта арқылы жіберілген косметика есірткі болып шықты. Қаржылық мониторинг агенттігі қазір аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Агенттік мәліметінше, Іле ауданындағы «Казпоштаға» шетелден косметикалық бұйымдар жеткізілген. Алайда оның ішінде 777 грамм гашиш майы салынғаны анықталған. Ал оған тапсырыс берген адам бұған дейін есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін сотталған болып шықты.