Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Көлгінов бұл қызметке 2022 жылғы 9 желтоқсанда тағайындалған еді. Оған дейін әр жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарған. Кейіннен Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Астана қаласының әкімі болды. Ал, Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды.