Бүгін Түркістанда «Алтын күз-2023» іс-шарасы өтті. Аталған жиын ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсіптері қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келушілерге Түркістан облысының ауылшаруашылық өнімдері ұсынылды. Оған қоса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алған шаруалардың да тауарлары қойылды. Жиында сөз алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріне тоқталып, үздік шаруаларды марапаттады.