«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысының Мақат ауданындағы Доссор кентінде мұнайшылармен және сала ардагерлерімен кездесті. Олардың айтуынша, көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капитал үлесі бар компанияларда шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде әрдайым теңдік сақтала бермейді. «Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге бағытталуы тиіс. Біз біліктілігі шетелдіктермен бірдей қазақстандық мамандарға олармен тең еңбекақы төленуіне қол жеткіземіз», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.