"Кәріс келін" фильмінде әдеттегідей аншлаг. Бұл жолы Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері ұжым болып Turkistan арнасының төл туындысын тамашалауға арнайы келіпті. Тіпті өздерімен бірге отбасы мүшелерін де ерте келген Amanat-тықтар залда ине шаншар жер, кассада билет қалдырмады.