Бүгін "Amanat" партиясының Түркістан облысы филиалы жанынан құрылған "Мирас" азаматтық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Мұнда кеңестің жаңа құрамы таныстырылды. Қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері мүше кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды. Соның бірі - тарихы терең Түркістан облысының мәдени мұраларын ары қарай зерттеу. Осы саланы дамыта отырып, туристерді тарту жоспары тұр. Сонымен қатар, өңірдің экономикасын дамыту да сөз болды. Ол үшін кеңестің құрамына арнайы экономист маманы жұмылдырылған. Осылайша әр саланы дамытуға өзіндік идеялары бар мамандар бар қосатын кеңестің мәні зор,- дейді кеңестің төрағасы.