Анадолыда білім алып жүрген қазақ жастары да сайлаудан қалыс қалмады. Стамбулдағы студенттер бір кісідей консулдыққа барып, өз таңдауларын жасап үлгерген. Олар ел болашағы үшін бұл сайлаудың маңызы жоғары екенін айтады. Сондай-ақ таңдау нәтижесінен күтеріміз көп дейді.