Петропавлдық студент қыз шетелдік туындыларды қазақша сөйлетіп жүр. 20 жастағы Аяжан Қойшыбай аниме арқылы ана тілдің қолданыс аясын кеңейтуді армандайды. Бүгінде анимемен қатар, шетелдің атақты фильмдері мен мультфильмдеріне дубляж жасап, дыбыстайды. Әлеуметтік желілерде де өз көрерменін тапқан Аяжанның хоббиі жайында аймақты тілшіміз Айнұр Досан айтып береді.