Анкарада Қазақстан мен Түркия достығына арналған саябақ ашылды. Салтанатты шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Түркия Ұлттық Мәжілісінің басшысы Мұстафа Шентоп қатысты. 14 мың шаршы метр болатын отбасылық саябақтың ашылуы Түркияның 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мәжіліс төрағасы барша түрік халқын осы мерейлі мерекемен құттықтап, бақ-береке тіледі. Жаңа саябақта түркі жұртына ортақ Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк жазба ескерткіштерінің көшірмелерімен қатар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні мен ғұлама ғалым Әл-Фарабидің ескерткіштері де орнатылған.