Екінші дүниежүзілік соғысқа Төлеби ауданы, Ұзынарық ауылынан 68-ге жуық сарбаз аттанған. Олардың қатарында ағайынды Есмұрзаевтар да бар. Бір үйдің 4 баласы Отан үшін қан майданда шайқасып, елге түгелдей аман қайтқан. Солардың бірі бүгінде марқұм болған Еңбек ері, ұлағатты ұстаз Кенжебек Есмұрзаұлы. Оның майдангерлік жорығы Смоленск, Калининград шебінен басталып, Киев және Харьковты азат етуге атсалысқан.