Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Түркістан облысына келді. Ол алғашқы сапарын қарияларға құрмет көрсетуден бастады. Әрі Республика күніне орай қаламыздағы соғыс ардагері Әбжаппар Дайрабайұлына өз қолымен алғыс хат табыс етті. Әбжаппар Дайрабайұлы 96 жаста. Ол 1943 жылы небары 16 жасында майданға аттанған. Оралған соң ұстаздық етіп, қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы болған. Ардагердің 2 ұл, 3 қызы бар. Қазір қолында ұлы Рүстембек Дайрабаев тұрады.