Сұрапыл соғыс көргендердің саны жыл санап азайып барады. Мәселен Кентау қаласында соғыс көрген жалғыз қарт қалған. Ол Бадан Төребаев. Қария бүгінде 99 жасқа толды. Осыған орай Кентау қаласының әкімдігі ақсақалға жаңадан салынған тұрғын үй кешенінен үй сыйлады. Толығырақ әріптесім айтып берсін.