Түркістанда облыстық ардагерлер кеңесінің бесінші Пленумы өтті. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңейтілген үкімет отырысында айтқан міндеттерін жүзеге асыру жайы талқыланды. Сондай-ақ кеңес мүшелері ұйымның өткен жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Айта кетсек, ардагерлер кеңесі жастарға үлгі-өнеге көрсету және ұрпақтар сабақтастығы мен елдің ауызбіршілігін нығайту бағытында қызмет атқарады. Сондай-ақ, ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту да ұйымның басты міндеттерінің бірі.