Кеурек қазғандар құрықталып жатыр. Былтыр ғана Арыс өңірінен маусым айында кеуректі кәсіп еткен 130-дан астам шетелдік анықталған болатын. Содан тұп-тура 10 күн өткен соң тағы да дәрілік шөп қазған 23 өзбекстандық азамат ұсталды. Ал ұсталмағаны қаншама?! Бұл Арыс қаласы әкімінің есеп беру отырысында қойған тілші сауалына берген жауабы. Шаһар басшысы тағы қандай мәселелерді қамтып, ауданның нендей жетістіктерін тілге тиек етті?