Түркістан облысындағы әрбір аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде зерделенеді. Ал қызметіне сәйкес келмейтін басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара қолданылады. Тұрғындармен есептік кездесулерінде осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарын Арыс қаласында жалғастырды. Аймақ басшысы әуелі өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап көрді. Шағын шаһар тұрғындарын таза ауыз сумен қамтитын жаңа жобалармен танысты. Заманауи су тазалау станциясы 31 мың халыққа таза су жеткізуге қауқарлы. Дархан Амангелдіұлы мемлекеттік бағдарламалардың толық орындалуы бойынша қала әкіміне тапсырмалар жүктеді. Білім саласындағы кемшіліктерді түзетуге баса назар аудару қажеттігін айтты.