Арыстық оқушылар қаруды шашып-жинаудан шеберліктерін ортаға салды. Жастарды әскери шеберлікке баулу мақсатында жас сарбаздар байқауы өтті. Өздерін бір сәт жауынгер ретінде сезінген оқушылар сап түзеді. Әскери киімді жылдамдыққа кию мен жауынгерлік дайындықтарын көрсетті. Бұл шара Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Мерекелік жиын барысында ауған соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік төсбелгі табысталды. «Осындай шаралар оқушыларды отансүйгіштікке баулып, жастар арасында әскери қызметті насихаттауға таптырмас мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар.