Бүгінгі сайлауда Арыстағы мүгедектігі бар жандарға ерекше жағдай жасалған. Пандустан бөлек, әр учаскеде арба мен оп-оңай кіретін арнайы кең кабиналар қойылған. Ал зағиптар мен көзі нашар көретін жандар үшін брайл жүйесі арқылы өзі таңдаған кандидатқа дауыс беруге мүмкіндіктері бар. Ал есту қабілетінде мүкісі бар жандар үшін сурдо аударма да іске қосылыпты. Мұндай мүмкіндікке иә, мүгедектігі бар тұлғалар, азаматттық міндетін орындауға таңмен таласа келіп, дауыс беріп жатыр. Мәселен, Арыс қалалық мүгедек жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, екі жанарынан айрылған Серік Құдайқұлов жұбайының жетектеуімен №9 сайлау учаскесіне таң сәріден келген. Ол «Біздің қоғамдық бірлестікке мүшелерінің барлығы бүгін сайлау учаскілеріне келуге бекініп отыр» - дейді. Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 44 278 адам болса, оның 2481 мүгедектігі бар азаматтар.