Биыл Арыс тұрғындары көктемгі тіршілікті тіпті құмырсқалардан да бұрын бастап кетті. Үй маңын жиып-теріп қана қоймай, көшелерін мұнтаздай етіп тазалап, жол бойын абаттандырып жатыр екен. Ұйымшыл ауыл тұрғындарының жұмысымен әріптесім Балым Әлішер танысып қайтқан еді.