«Ел ішіндегі кей мәселелер ақпараттың аздығы мен тұрғындардың өз құқықтарын білмеуінен болады». Бүгін "Ашық әкімдік" кеңесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы осылай деді. Кездесуге Сауран, Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Ордабасы аудандарынан 30 шақты азамат қатысты. Әңгіме әсіресе көпшілікті көп алаңдататын ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен әлеуметтік саладағы мәселелер төңірегінде өрбіді.