Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына Түркістан облысынан 36 адамнан тұратын делегация қатысты. Ассамблея сессиясының отырысында Президент этносаралық қатынас, татулық пен бірлік, қазақ тілі мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Маңызды шараға қатысқан түркістандық этномәдени бірлестік мүшелері сессиядан алған әсерлерімен бөлісті.