Ұшақ түтіндеп, әуе рейсі кейінге шегерілді. 19 ақпан 05:05 те ұшуы керек болған Астана Дубай бағытындағы рейс 20 ақпан күні таңғы 08:00 де бір-ақ ұшқан. Тұрғындар осы уақыт аралығында өздеріне ешқандай жағдай жасалмағанын айтып шағымданған. Астана әуежайының ресми өкілі ұшақ техникалық себептерге байланысты ұшпады дейді. Ал, жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, 3 мезгіл тамақ бергенін айтады.