Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-ші сессиясы өтті. Жиын «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбымен басталды. Оған мыңнан астам адам қатысты. Бірінші күні делегаттар мен сарапшылар арасында пікірталастар ұйымдастырылды. Этносаралық кикілжіңдерге жол бермеу мен сепаратизмнің алдын алу жайы да сөз болды. Ал, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сессияның пленарлық отырысы болады.