Елордада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты. "Қазақмұнайгаз" байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Комиссия наразылыққа шыққан қызметкерлердің талаптарын заң аясында шешу жолдарын қарастырады. Мұнайшылар Астананың теміржол вокзалынан видеоүндеу жасап өздерінің дін-аман екендіктерін айтып, қолдау білдірген жерлестеріне ризашылығын білдірді.