«Ата-баба дәстүрі - тәрбиенің бастауы». Түркістан қаласында осындай атаумен байқау өтті. Облысымыздың құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шараға қатысушылар ұлтымыздың бүгінде ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және қазақ халқының билерінің, шешендерінің абыз ақсақалдарының өсиет сөздерін,шешендік өнерін жаңғыртты.