Қаруланған ер адам "Арсенал" аңшылық дүкеніне шабуыл жасаған. Сатушыны "Обрез" қаруы арқылы қорқытып, "Сайга" маркалы мылтықты алған күдікті сыртқа шыққан. Сол кезде оның соңынан күзетшілердің бірі қуғаны көрінеді. Бірақ қаскөй оны атып тастаған. Оған әлеуметтік желіге таралып кеткен осы видеолар дәлел. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанда, қарулы адамды патрульдік полицейлер мен криминалдық полицияның жедел уәкілі ұстаған.