Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында халыққа салық бойынша міндеттемелері түсіндірілді. Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері салық органдары ұсынатын қызметтер мен оларды электронды түрде алудың жолдарын айтып, заңнамаға енгізілген тәртіптер бойынша өзгерістерді баяндады. Жиынға жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері қатысып, салық органдарының мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдады.