Бүгін сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті. Депутаттар өңірдегі түрлі сала жауаптыларының жұмыс барысымен танысып, күн тәртібінде 15 мәселе көтерді. Басым бөлігі - жер учаскелері үшін жасалатын төлемдерге қатысты. Нақтырақ айтсақ, қатысушылар базалық ставкалардың түзету коэфиценттерін бекітті.