Шымкентте Әуезов университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Экономикалық тергеу департаменті оқу ордасының басшысы ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаевтың айтуынша, күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Университет сайтында Қайрат Нұрманбетовтың лауазымын бұрынғысынша «Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор» деп көрсетілген. Ол оқу ордасында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келген.