«Ауған соғысында бір аяғымнан айырылдым». Қан майданның қасіретін көрген түркістандық Сапарбек Фазылбеков бүгінде туыс-туғанның үйін паналауға мәжбүр. Айтуынша, ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан баспана беру мәселесі қарастырылмаған. Ал мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысы өзінің ем-домына да жетпейді. Айта кетсек, биыл Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл. Осы орайда ауған соғысының ардагерлеріне қандай да бір қолдау бола ма? Тілшіміз анықтап көрді.