Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай Түркістан қаласындағы ардагерлері бас қосты. Қиян кескі шайқасты өз көзімен көрген олардың қатары бүгінде сиреп барады. Қалада 140 ауған соғысы ардагері бар, бүгінде оның тең жартысы түрлі дәрежедегі мүгедектер. Бұл да сол соғыстың зардабы. Он жылға созылған шайқас Ұлы Отан соғысынан еш кем болған жоқ. Небәрі 17 жасында әскер шебіне аттанған олардың көбі - қазір қария. Бүгін олар зұлмат жылдарды еске алып, қаза болған қандастарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің арнайы құттықтауы тапсырылды. Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы ауған соғысының 1150-ге жуық ардагері тұрады.