Арнамыздағы "Үлгілі аула" байқауы әлі де жалғасып жатыр. Байқау жеңімпазы шипажайда демалады. Айналасын мұнтаздай таза ұстап, ауласы мен көшесін абаттандырған тұрғындар біздің жобаға қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан көп қаралым мен пікір жинауы шарт. Байқау жеңімпаздарына Сарыағаш шипажайына жолдама беріледі. Жобаның бүгінгі кейіпкерлері кім екен?! Ауласын баққа айналдырған бағбан жайлы тілші тарқатсын.