Жетісайлықтар «Ауыл аманаты» ұлттық пилоттық жобасының шарапатын көріп жатыр. Бағдарлама аясында өңірде 200 тұрғынның құжаты мақұлданып, 136 жоба несиеге қол жеткізді. Олардың арасында жылыжайдан бір емес, екі өнім алып отырған кәсіпкерлер де бар. Солардың бірімен тілшіміз тілдесіп қайтты.