Биыл Түркістан облысында "Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 4500-ге жуық жұмыс орны ашылады. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және биылғы жоспар облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Ол аудан мен ауыл әкімдеріне өткен жылы болған кемшіліктерді болдырмауды тапсырды. Және бағдарламамен несие алып, жұмысын бастағандарға енді жаңа талап қойылатынын айтты. Яғни, ауыл аймақтарда жаңа жұмыс орнын ашып, тұрғындарды еңбекке тарту.