Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысының орынбасары Нұралхан Көшеров күні кеше олардың 50 жобасымен танысты. Құрылыс материалдары, шұлық, ұнтақ және химиялық сұйықтықтар өндіру, жиһаз, т.б. кәсіп иелері өз бизнестеріне қолдау көрсетуді өтінді. Тек ауыл шаруашылығы ғана емес, басқа да кәсіп түріне бейімделу керектігін айтқан облыс әкімінің орынбасары әр жобамен жеке танысып, жауапты басшыларға тапсырды.