Ауылда тұрсаңыз, 19,8 млрд теңге беріледі. Кез-келген адамға емес әрине. Тек кәсіп бастаймын деген азаматтарға арнайы комиссия шешімінен соң ғана беріледі. Бұл тұрғындар табысын арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі "Ауыл аманаты" аясында жүзеге асады. Бүгінде жобаға қатысуға 3 200-ден астам адам ниет білдірген. Оның ішінде құны 10,8 млрд теңге болатын 1 890 жоба ғана мақұлданды. Әзірдің өзінде 1 128 жобаға қаржы бөлінген. Ауыл азаматтары керек-жарағын түгел сайлап кәсібін бастағалы отыр. Өкінішке орай, бағдарлама шартына келмейтін 391 жоба кері қайтарылды.