Қазығұрт ауданында шаруалар "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінде олар сауынды сиыр алып, сүтін дүкендерге өткізіп пайдаға кенелуде. Сала мамандары бағдарлама өңірде жақсы нәтиже көрсетуде дейді. Жоба аясында қаржы алып, кәсіп бастағандардың ісімен Өркен Мырзабек танысып келді.