Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, орындалу барысы жіті бақылауға алынған. Жобаны іске асыру үшін биыл өңірге 19,8 млрд теңге бөлініп, несиелендірудің 6 бағыты таңдалды. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, 16 қала, ауданнан 64 ауылдық округ бекітілді. Сондай-ақ жобаға қатысатын 72 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталыпты. Қазіргі таңда 7,3 млрд. теңге болатын 847 өтінім қабылданып, оның ішінде 312 өтінімінің, яғни, 2,6 млрд. теңгесінің құжаттары мақұлдау сатысында. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жауаптыларға шаруалардың құжаттарын тапсыруға көмек көрсету керектігін айтты.