Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жалпы 1,1 млрд. теңгенің жобалары қаржыландырылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» биылғы жарты жылдықта атқарылған жұмыстары кезінде айтылды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған корпорацияның жұмысын жандандыру, қаржыларын өңір экономикасына нақты табыс әкелетін жобаларға бағыттау жөнінде тапсырма берді. «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыру, Түркістан қаласы аумағында «Азық-түлік белдеуін» қалыптастыру бойынша жұмысты ширату, нақты жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тарту жөнінде де міндеттер жүктеді.