Бүгіннен бастап "Ауыл аманаты" бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде бағдарламаға қатысу шарттары түсіндірілді. Мемлекеттік жоба аясында ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Бұл мақсатта Түркістан облысына 19,7 млрд.теңге бөлініп отыр. Жеңілдетілген несиеге қол жеткізу үшін азаматтар "Ырыс" микроқаржы ұйымына өтініш береді. Ол үшін 13 түрлі құжат дайындауы шарт. Олардың негізгісі өтінім берушілердің кепілдікке жылжымайтын мүліктің болуы және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті. Кепіл ретінде ауылдағы үйлерді де қоюға болады. Бағдарламаға 21 жастан асқан зейнет жасына дейінгі азаматтар өтініш бере алады. Ауыл халқының әлеуетін көтеруді мақсат ететін бағдарламаға құжат қабылдау бүгін басталып кетті.