Ауыл жастары имамға көлік сыйлап, қажылыққа жолдама алып берді. Сұлтанхан Рүстемов 2003 жылдан бері дін саласында жұмыс істеп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып былтыр тағайындалды. Айта кетсек, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап, ауыл көшелеріне жарықтандырған болатын. Сондай-ақ мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.