Бюллетенде екінші тұрған «Ауыл» партиясы Абай облысына табан тіреді. Кандидаттар Семей қаласында ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктерін құрастыратын зауытқа барды. Қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайымен танысты. Техникалық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді. Партияның алдағы жұмыс сапары еліміздің батысында жалғасады.