«Сарыағашта кәсіпкерлікті, туризмді және ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына басымдық беріледі. Ол үшін жергілікті басшылардың сергектігі, басқарма басшыларының қайраткерлігі қажет». Аудан активімен кездесуде осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға маңызды міндеттер жүктеді. Немқұрайлылыққа салынбай, жұмысты сапалы әрі жылдам атқаруды тапсырды.