Бүгін Түркістанда «Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту» аясында дөңгелек үстел өтті. Облыс аумағынан азаматтық қоғамның белсенді өкілдері мен ішкі саясат басқармаларының қызметкерлері қатысқан жиынның мақсаты айқын. Ол - ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдау және олардың жан-жақты сауаттылығын арттыру. Азаматтық қоғаммен бірге үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін көтеру.