Түркістан облысы құрылғалы 5 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында қарқынды өсім қалыптасып, 2018 жылмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнім 2 есеге артқан. 2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен өңірлік өнім көлемі 1,5 трлн теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,2 пайызды құрайды. Ауыл шаруашылығында 803 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 2 пайызды құрады. Ет экспорты бойынша да облысымыз көш басында. Қарқынды бау 5 мың гектарға ендіріліп, жылыжайлар 1 640 гектарға орналастырылды. Бұл республикалық көрсеткіштің 71 пайызын құрайды.