Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті апталық отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы міндеттерді орындау бағытында іс-шара жоспары әзірленетінін жеткізді. Мәжілістегі күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды. Ауылдарды, қалаларды көгалдандыру, санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарына жасалған мониторинг жұмыстарының нәтижесі тыңдалды. Облыс әкімі ауылын абаттандырмаған әкімдер мен орынбасарлары ісін сынға алды.